Шымкенттің уақытша ұстау абақтысында күдікті асылып қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкенттің уақытша ұстау абақтысында  күдікті асылып қалды. 29 жастағы жігіттің мәйітін күзетшілер камерасынан тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, сезікті тамыз айында топ болып бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған екен. Ал, үш сыбайласы бұған дейін қолға түсіп, соттың санкциясымен уақытша ұстау абақтысына жабылыпты.

«1988 жылы туған күдіктінің үстінен  Қылмыстық кодекстің 293 бабының 3 бөлігі «Атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған бұзақылық іс-әрекеттер» бойынша іс қозғалған болатын. Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 105 «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова. 

Соңғы жаңалықтар