Шымкенттің тергеу абақтысында күдікті өз денесін тілімдеп тастады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің уақытша тергеу абақтысында күдікті ретінде жеткізілген азамат өз-өзін жарақаттады. Бұл туралы қалалық жедел-жәрдем ауруханасының дәрігерлері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, емдеу мекемесіне жеткізілген ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болғанға ұқсайды. Оның денесін қарау барысында әр жерін өткір затпен тіліп, тамырларын кеспек болғаны анықталған. Алайда алған жарақаты терең болмағандықтан, өміріне қауіп төнбеген. Тиісті медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін оны құқық қорғау органы өкілдері тергеу абақтысына қайта алып кеткен.

Бұл оқиғаға қатысты облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті әзірге ешбір мәлімет таратқан жоқ.

Соңғы жаңалықтар