Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы 5,5 млрд теңгеге сатылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы электронды сауда-саттықта 5 млрд 505 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

gosreestr.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, клубтың алғашқы бағасы 248 млн 983 мың теңге болып белгіленген.

Өңірдің Қаржы басқармасы сатып алған адамның аты жөнін айтпады. Себебі, есімі жария болған жағдайда клубтан бас тартуы мүмкін. Белгілісі, аукционға 5 адам қатысқан.

Басқарма өкілдерінің айтуларынша, жаңа қожайын басқаруға сеніп тапсырылған уақыт ішінде «Ордабасыны» қаржыландыруға 120 млн теңге құя отырып, барлық жұмыс орындарын сақтап қалуы тиіс. Кейіннен клубты толықтай сатып ала алады.

Еске салайық, бұл Шымкенттік футбол клубын сатуға қатысты екінші сауда-саттық. Осы жылдың шілде айында клуб электронды саудаға қойылып, жарты миллиард теңгеге сатылған болатын. Дегенмен сату-сатып алу келісімшарты сол күйінде жүзеге аспай қалған еді. 

Соңғы жаңалықтар