Шымкенттің қай бөлігінен құрылысқа жер телімдері бөлінетіні белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАпарат - Шымкент қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға ниет білдірген 75 550-ге жуық азамат кезекте тұр.

Бұл туралы «ҚазАқпаратқа» Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Жер қатынастары бөлімінен хабарланды.

«Жылдың соңына дейін кезекте тұрған 500-ге жуық азаматтарға жер учаскелерін Солтүстік саяжай тұрғын алабынан беру көзделуде.       Кезекте тұрған азаматтарға Республикалық бюджеттен қаржы қарастыру бойынша қала әкімдігі тарапынан ОҚО Жер қатынастары басқармасына хат жолданған болатын»,-деп атап өтілген әкімдік мәліметінде.

Сонымен қатар, Жер қатынастары бөлімінің мамандары 2017 жылдан бастап кезекте тұрған азаматтарға жер учаскелері қаланың Оңтүстік-шығыс, Батыс бөліктерінен бөлінуі мүмкіндіктері қарастырылатынын атап өткен.

Атап айтқанда, елімізде Шымкент үшінші мегаполис. Сол себепті, шаһардағы құрылыс та қарқынды жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар