Шымкенттің балалары шомылу маусымын бастап жіберді

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Шымкенттің балалары шомылу маусымын бастап жіберді. Бүгін «Қошқар ата сейілі» фестивалі барысында жеткіншектер өзенге түсіп, мәз-мейрам болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы көктемнің алғашқы күндері жаздың ыстық күніндей болып тұр. Бүгіннің өзінде ауа райы 26 градусқа дейін жылыды. Ағаштар ерте гүлдеп, жұрт шомылу маусымын наурыздың алғашқы күндерінде-ақ бастап жіберген болатын.
null 

Әсіресе қала ішінен өтетін «Қошқар ата» өзеніне барып, шомылушылар қатары көбейген. Наурыз мерекесін атап өту кезінде де жеткіншектер жәй қыдырумен шектеле қоймады. Олар өзеннің салқын суына шомылып, бойларын сергітіп алды.
null    

Синоптиктер алдағы демалыс күндері 29 градусқа дейін ыситынын болжауда. Алдағы аптада жауын-шашынды күндер болады деп күтілуде.
null     

Соңғы жаңалықтар