Шымкенттің автобустарында ерекше плакаттар пайда болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің автобустарында ерекше плакаттар пайда болды. Онда қалалық автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаевтың фотосуреті бар. 

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Плакатта бөлім басшысы қала тұрғындарына 11 желтоқсанға дейін шаһардағы қоғамдық көлік саласында тәртіп орнатуға көпшілік алдында уәде береді. Яғни, автобустардың қозғалу кестесі мен көліктердегі тазалықтың сақталуы қамтамасыз етіліп, жолаушысы көп бағыттарға қосымша көлік бөлінетінін көрсеткен.

Шаһар басшылығы болса мұндай қадам Қуатжан Әзімбайұлының жұмысына деген және тұрғындар алдындағы жауапкершілін арттырып,  қосымша ынталануға ықпал етеді деп отыр.  Ал ең бастысы, адамдар енді қаладағы қоғамдық көліктің жұмысына жауапты маманды жақынырақ танитын болады. Соның нәтижесінде жолаушылар көлігінің сапасыз жұмысына кімге шағымдану керегін біле жүреді. 

null null 

Соңғы жаңалықтар