Шымкенттіктерді Жерге жақын ұшқан белгісіз нысан таңдандырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкенттіктер кеш батысымен аспанда ұшып жүрген нысанды көріп таң қалды. Әппақ белгісіз нысан  жәйменен қалықтап ұшып, түтіндетіп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.  

Алғашында бұл заттың не екенін білмей таң қалысқан тұрғындар артынша оның Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі екенін бір-ақ білген. Базбірі нысанды сурет пен бейнетүсірілімге де түсіріп алыпты. Бұл көрініс көршілес Қызылорда және Жамбыл облыстарында да қайталанған.

Кейіннен күнгей жұртшылығы белгісіз нысанның  «Союз -ФГ» көліктік басқару кемесі екенін білді. Ол Астана уақыты бойынша 21 сағат 41 минутта  Байқоңыр ғарыш айлағынан сәтті ұшырылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар