Шымкенттік журналист өзінің сыйлығын жетім қызға тарту етті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік журналист мерекеде алған 150 мың теңге марапатын жетім қызға тарту етті. Жергілікті телеарнаның тілшісі Рабиға Жүніс болашақта журналист болуды армандаған жасөспірімге осылайша қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Айта кетейік, облыс әкімі  Жансейіт Түймебаев Арыс қаласына барған сапарында балалар үйіне соғып, ондағы тәрбиеленушілермен кездескен болатын. Олардың арасынан суырылып шыққан Кристина есімді қыз аймақ басшысына болашақта журналист болғысы келетіні жөнінде айтып, арманын жеткізген еді. Өз кезегінде өңір басшысы журналистерге осы қызға қолдау көрсетуге шақырған. Онымен тығыз байланыса отырып, оның арманына жетуіне себепкер болуға ықпал ету қажеттігін атап өткен. Осыдан кейін араға 28 күн салып, "НАР тв" телеарнасының редакторы Рабиға Жүніс "БАҚ қызметкерлері" күнінде жеңіп алған 150 мың теңге сыйлығын Кристинаға табыстады.

Соңғы жаңалықтар