Шымкенттік жас өнертапқыштың жобасы ЭКСПО-2017 көрмесіне қойылуы мүмкін

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік өнертапқыштар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда, деп хабарлайды otyrar.kz.

«Оңтүстік» туристік ақпараттық орталығында жастар көпшіліктің назарына халықаралық мамандандырылған көрмеге арналған өз жобаларын ұсынды. Жоба авторларының кейбірі ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдама алуы әбден мүмкін.

Политехникалық колледждің ІІІ курс студенті Сұлтан Ғаниұлы биологиялық жолмен метагендік газ алуға болады дейді. Электр механигі мамандығы бойынша білім алатын жастың айтуынша, өзге елдерде әлдеқашан қолға алынған жобаны Қазақстанда да жүзеге асырсақ, жердің шіріндісі мен малдың қиын белгілі бір температурада ашытып, тегін жылу мен жарыққа қол жеткізуге болады.
null  

Көрмеде бұған қоса жел генераторы, ғаламтор жылдамдығын жақсартатын оптикалық-талшықты кабель сынды түрлі жобалар ұсынылуда.

Колледж және институт студенттері қонақтарды түрлі идеяларымен қызықтыру үшін бар күштерін салыпты.

Егер жоба авторларының жұмысы жоғары деңгейде болса, ұйымдастырушылар тарапынан демеушілер табылып, ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдама алуы әбден мүмкін.

Әзірге халықаралық көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылатын бірнеше жоба мақұлданып үлгерген. Оның қатарында мұнай өңдеу зауыты мен Шардарадағы су электр станциясының, сонымен қатар ластаушы буларды тазартуға қатысты жобалар бар.

 

null 

Соңғы жаңалықтар