Шымкенттік түлек аппеляциялық комиссияға өтініш түсіргеннен кейін ҰБТ-дан 138 балл алды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік түлек Әсел Жаңабаева ұлттық біріңғай тестілеуден 136 балл жинаған. Алайда мұндай көрсеткішпен келіспеген оқушы қыз аппеляциялық комиссияға қайта қарау жөнінде өтініш түсірді. Оның көрсеткішін қарау нәтижесінде ол 138 балға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8-ші мектеп-гимназиясының түлегі Әсел Жаңабаева георграфия пәнінен дұрыс жауап бердім деп іштей сенімді болғанын айтады.

«Сұрақтар қиын болды. Өйткені бізге жаңа жүйе туралы екі ай ғана қалғанда түсіндіріп айтты. Дегенмен көп оқығандықтан қиындықтың бәрін жеңіп шықтым. Тек география пәнінен екі-үш сұрақтың жауабы маған дұрыс қойылмаған сияқты көрінді. Мен оған өздігімше дұрыс жауап беруге тырыстым. Өйткені мен тестілеу жауаптарын белгілегенде өзіме сенімді болдым. Кейін тесттің қортындысы шыққанда өзімнің жауаптарыма қанағаттанбадым. Содан соң үйдегі атаммен ақылдаса келе, аппеляциялық комиссияға өтініш түсірдім. Күмәнім дұрыс болып шықты. Маған министрлік тарапынан география пәнінен тағы 2 балл қосылды. Қатты қуандым. Енді таңдаған Астанадағы Еуразия университетінің қаржыгер мамандығына түсіп, жоғары білім алсам деймін»,- дейді Әсел Жаңабаева.

Ал, Әселдің ұстаздарының төбесі көкке бір елі жетпей тұр. Себебі, үлкен жетістікке қол жеткізген оқушылар облыс бойынша ең жоғары 138 балл алды. Ол «Алтын белгі» алмаса да мектептің абыройын асқақтатты. Әселдің жеңісі -бұл бүкіл гимназияның жеңісі деп айтар едім», - дейді түлектің сынып жетекшісі Марина Ли.

Айта кетейік, биыл оңтүстік өңірінде өткен ҰБТ-да 10 оқушы 137 балл, 15 оқушы 136 балл алды. Ал, аппеляциялық шағым түсіргендердің мәселесі қаралып біткен. Оның қортындысы еліміздің Білім және ғылым министрлігі бекіткен соң белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар