Шымкенттік студент көшедегі мұқтаж адамдарға палау таратты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Айбар есімді жігіт Алғыс айту күні қарсаңында қайырымды іс жасады. «Жас Отанның» белсендісі палау бастырып, көшедегі мұқтаж адамдарға таратты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

«Жас Отанның» баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайырымдылық шарасына ерікті жастар да атсалысқан.

Айбар өзі сияқты ерікті жастарды жинап, күзетшілер, аула сыпырушылар, қоқыс тазалап жүрген және мектеп, ауруханада еден жуатын жандардың еңбегін бағалап, алғыс айту мақсатында әрі үй-күйсіз қалған көшедегі адамдарға палау, бауырсақ пен шәй таратты. Жалпы 25 келі палау пісіріліп, барлығы бір күнде таратылды. Жақсылықты еш себепсіз, қарапайым шымкенттік жігіт секілді жасай білейік» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
null

Өңірдің еріктілері сондай-ақ  1 наурыз - Алғыс айту күнінде қала тұрғындарына тосын сый жасамақ.

Айта кетейік, 22 жастағы студент Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде білім алады.  Ол бұған дейін де қайырымдылық шараларын жасағаны белгілі. Балалар үйлері мен мүмкіндігі шектеулі, өздігінен жүріп- тұра алмайтын жеткіншектерге қолұшын беріп, қарттар үйіндегі қарияларға да қамқорлық танытып келеді.  Көзі көрмейтін зағиптар үшін Брайль кітабын шығарған. 
null

null 

Соңғы жаңалықтар