Шымкенттік шебер жылжымалы киіз үй жасап шығарды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік шебер Еркінбек Бөкенбаев дөңгелекті киіз үй құрастырып шығарды. Өнертапқыштың жасаған бұл туындысы бүгінде көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Киіз үй пішіндес заманауи тіркемені автор «Қазақ арбасы» деп атаған.  Инновациялық жобаны жасау үшін шебердің  6 ай уақыты кетіпті. Оған қажетті бөлшектерін шетелден алдыртқан. Ал үйдің ішіне жарық  күннен алынатын қуатпен жетеді.
null

«Мен киіз үйге жаңа технологияны ендіріп, заманауи үлгіде жасауға тырыстым. Оның сәулеті мен ішіндегі тазалығы барлығы да алдын ала ескерілген. Біздің ұлттық құндылығымыз да көрсетілген. Қазір бұл киіз үйге қызығушылар көбейіп отыр», - дейді шебер Еркінбек Бөкенбаев.
null

Өнертапқыш киіз үйдің қолынан шыққан  үшінші туындысы екенін айтады. Оның сөзінше, бұған дейін жеміс-жидек пен көкөніс сатуға арналған жылжымалы дүңгіршек жасап шығарыпты.  Енді бұл жоба «ЭКСПО-2017» көрмесі қонақтарының назарына ұсынылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар