Шымкенттік полицей қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін жастарды жұмысқа шақырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкенттік полицей қоғамдық қауіпсіздікті бірлесіп сақтауға шақырды. Жергілікті полиция қызметінің жетекшісі қала тұрғындарынан көмек сұрап, әлеуметтік желіге жариялаған, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Өзінің  жеке парақшасында Данияр Мейірханов қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға келгісі келетіндерге арнайы тігілген бас киім мен сөмке, желеткалар берілетінін айтқан. Сондай-ақ ол бұл киімдерді өзі киіп көрсетті.

«Біздің қаламызды қауіпсіз қылуға көмектескендерге осындай бас киім, сөмке және жилет береміз. Үйде немесе жылы кеңседе отырып полицейлердің жұмысын жамандау өте оңай. «Көшедегі тәртіпке өз деңгейінде қарамайды, жасөспірімдермен қызмет атқармайды немесе ұрыларды ұстамайды» деп. Енді әркімде полицейлермен бірқатарда тұруға мүмкіндік бар. Облыстық прокуратураның тапсырмасымен қалалық әкімшілік пен Жергілікті полиция қызметі қоғамдық көмекшілерді бірлесіп қызмет атқаруға шақырады. Барлығы еңбегі үшін төлемақыны жұмыс пен қамту орталығы арқылы алады»,-деп жазады Д.Мейірханов.

Сондай-ақ ол көмекші болғысы келетіндерге төмендегі талаптар қойылатынын айтқан. Мәселен, ол азамат жоғары білімді әрі жасы 29-дан аспауы тиіс. Жалақысы 56 мың теңге көлемінде болады екен. Ал, орта білімі бар азаматтарға 40 мың теңге төленеді.

«Қосымша ақпарат алу үшін Шымкент қаласы Қожанов көшесінде орналасқан бұрынғы жол полициясы ғимаратындағы Шымкент қаласының Жергілікті полиция қызметіне хабарласыңыздар. Жеке куәлікпен 209 қызмет бөлмесіне келу қажет. Байланыс телефондары: 8 707 145 31 45 және 8 702 840 26 17», - дейді  Жергілікті полиция қызметінің жетекшісі. 

Соңғы жаңалықтар