Шымкенттік оқушы Болгарияда өткен халықаралық пән олимпиадасында жеңімпаз атанды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік оқушы Бекарыс Бегәдiлла Болгарияда өткен халықаралық пән олимпиадасына қатысып, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Әлем елдері оқушыларының басын қосатын дәстүрлі  олимпиада мектеп оқушылары арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Алыс та жақын шет елдердегі арнайы мамандандырылған мектептердің шәкірттері өз білім деңгейлерін көрсетті. Дарынды балалар математика пәні бойынша теориялық және эксперименталдық кезеңнен бағын сынады.  Осындай білім бәсекесінде Шымкенттегi  №23 мектептің оқушысы қатарластарынан оқ бойы озып шығып, 1-ші орынды жеңіп алды.

  Айта кетейік, бiлiмге құштар жеткiншек математика пәні бойынша бірнеше білім сайыстарына қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Оны түрлi байқауларға дайындап жүрген ұстазы Ольга Ивановна. 

Соңғы жаңалықтар