Шымкенттік алты жасар каратэші әлем чемпионы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент әуежайында жанкүйерлер мен туыс-туғандар каратэден әлем чемпиондарын қарсы алды.

Мумбайда өткен жарыстан жүлделерді 28 жастағы Жанбота Тәшенова мен 6 жасар Джаноб Гафуров алып келді.

Аталмыш әлемдік турнир қазақстандық спортшылар үшін жемісті болды. Жалпы алғанда, шығыс жекпе-жегінің 15 шебері 22 алтын медаль еншілеп қайтты. «Өте ауыр болды. Үш айдың көлемінде күндіз-түні дайындалдық», - деді Ж.Тәшенова.

Әлем жеңімпаздары енді қараша айында Францияда өтетін халықаралық турнирге дайындалатын болады.

otyrar.kz 

Соңғы жаңалықтар