Шымкенттегі жол апатында мотоциклші жапа шекті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің орталық көшелерінің бірінде мотоциклші жол-көлік апатына ұшырады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Елшібек батыр мен  Иляев көшелерінің қиылысында «Вольцваген-Туарег»  көлігі мен «Хонда» мотоциклі соқтығысты, деп хабарлады Шымкенттің жергілікті полиция қызметінде. 

null  

Куәгерлердің сөздеріне қарағанда, соққы қатты болғаны соншалық, мотоциклші көлік доңғалағының астында қалып, оны шығаруға тура келді. 1987 жылы туған жігіт ауыр жарақаттармен екінші медициналық бірлестікке жеткізілді. Туыстары хабарлағандай, мотоциклші қазір жан сақтау бөлімінде.  Жігіттің бауыры, көкбауыры үзіліп, миы соққыға ұшырап, түрлі сынық жарақаттарын алған. Көліктердің соқтығысу себептерін тергеушілер анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар