Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында бір жылда 4,6 млн тоннадан аса мұнай өңделді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында бір жылда 4,6 млн тоннадан аса мұнай өңделген.  Өндіріс орны жұмысты жоспарланған көрсеткіштен 326 мың тоннаға артық орындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, зауыт  ҚР Энергетика министрлігінің жоспары бойынша 4,360 млн. тонна мұнай өңдеуі тиіс болатын.  Оның ішінде 279,7 мың тонна авиакеросин  127 пайызға артық шығарылған. Жалпы өндірілетін автомобиль бензиндерінің көлемі бойынша есептегенде өндірілетін жоғары октанды бензиндердің үлесі 69 пайыз болады деп жоспарланса, нақтысында ол 85,8 пайызды құраған. Бұл жоспардан 124,3 пайызға артық деген сөз. 

Ал, осы жылы  қаңтар айының алғашқы 18 күнінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де 240,3 мың тонна мұнай өңделді. Осы көрсетілген уақыт аралығында К4-экологиялық класындағы 54,5 мың тонна дизель отыны, К4-экологиялық класындағы 58,8 мың тонна жоғары октанды бензиндер жөнелтілді. 

Соңғы жаңалықтар