Шымкенттегі «биші» тәрбиешілер жазаға тартылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі «биші» тәрбиешілер тәртіптік жазаға тартылды.

Қалалық білім бөлімінің басшылығы әлеуметтік желіде таралған бейнетүсірілімге байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, ол қай мектепке дейінгі мекеме екенін анықтаған. Алайда қай балабақша екенін жария етпеді. Белгілісі, 5 тәрбиешіге қатаң сөгіс, мекеме басшысына сөгіс беріліпті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«Салынған бейнематериал бойынша жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, түсірілген бейнематериал Шымкент қаласында орналасқан балабақшалардың бірінде орын алғаны анықталды. Аталған келеңсіз жағдай тәртіптік кеңесте қаралып, балабақша меңгерушісі мен қызметкерлерінің әрекеттері жан-жақты талқыланып, оларға тиісті тәртіптік шара қолданылды. Білім бөлімі алдағы уақытта осы сынды оқиғаларды алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіп, білім мекемелеріндегі моральдық ахуалды қатаң қадағалауға алатынын хабарлайды», делінген мәлімдемеде.

 

Еске сала кетейік, Шымкенттегі тәрбиешілердің әдепсіз әрекеті әлеуметтік желілерге тарап кеткен болатын. Ютуб желісіне салынған бейнетүсірілімде ұлттық киім киген тәрбиешілердің ерсі қылықтары көрсетілген еді. Бейнекөрністе тәрбиешілер наурызға орай ұйымдастырылған ертеңгіліктен кеиін балалардың көзінше ерсі билеп, бейәдеп қылықтар жасағаны түсірілген. Кимешек пен қазақша шапан киген, сондай-ақ өзге де балабақша қызметкерлері бүлдіршіндердің көзінше өздерін еркін ұстаған. Бейнетүсірілімді фейсбук желісінен көріп шыққан азаматтар тәрбиешілердің бұл әректтерін сынға алған болатын.

Соңғы жаңалықтар