Шымкенттегі ағаштар қар салмағын көтере алмай құлап жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттің көптеген аудандарында омбы қардың салмағын көтере алмаған ағаштар құлап жатыр. Ағаш астында қалған кейбір автокөліктерге зақым келді. Абырой болғанда ешбір адам зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Жауған қардан кейін қаланың кей аудандары уақытша жарықсыз қалды. Коммуналды қызметтер төтенше режимде жұмыс істеп, апат салдарымен күресуде.

null

«Облысымыздың таулы аймақтарында қар жауады деп күтілуде. Жақын күндері сынап бағанасы +10 градусқа дейін көтеріледі, ал түнгі ауа температурасы -6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Мұндай ауа райы 25 қазанға дейін жалғасады. 20-23 қазан күндері қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін», - деді «ОҚО гидрометорталығы» ауа райы болжамы бөлімінің басшысы.

null 

Соңғы жаңалықтар