Шымкентте жүк көлігінің кесірінен 7 көлік соқтығысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жүк көлігі жол апатын жасап, салдарынан 7 көлік соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы Адырбеков пен Байтереков көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Оқиға орнына келген полцейлер жол көлік оқиғасына «Дав» маркалы жүк көлігі себеп болғанын анықтаған. 26 жастағы Шымкенттік жүргізуші рөлге ие бола алмай, жеңіл көліктерді соққан. «Ваз», «Тойота» және «Лада» маркалы жеті бірдей көлік бір-біріне соқтығысып, зақымданған. Жол апатынан бір адам жарақат алып, дәрігерге қаралған. Бірақ ауруханаға жатудан бас тартты. 

Қазір жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығымен» хаттама толтырылып, тексеру шаралары жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар