Шымкентте жоғалған қыз табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыған дейін жоғалып кетті деп хабарланған 10 жастағы Жанель Маратова табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД-не сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Жанельді Шымкенттегі Темірлан тасжолының бойындағы сауда орталықтарының бірінің жанынан тапқан.

«Қыздың денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Қажетті процедураларды жүргізген соң полиция қызметкерлері Жанельді анасына тапсырады»,-деп хабарлады ІІД-нен.

Айта кетейік, бүгін 2007 жылы туған қыз үйінен кетіп, қайтып оралмаған болатын. 10 жастағы қызды іздеуге полицияның жеке құрамы түгел жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар