Шымкентте жеңіл көлік шұңқырға түсіп кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жеңіл көлік жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан шұңқырға түсіп кетті. Оқиға бүгін түс ауа Байтұрсынов көшесінің маңында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Байтұрсынов көшесінен Бинес орталығына бұрылған тұста биіктеу жері бар. Ал жол таңдамайтын көліктің алды ұзын әрі биіктеу болған соң, шұңқыр көрінбей қалған. Салдарынан көлік құлап кетті. Артынша құбыр тартып жатқан жұмысшылар көлікті кранмен көтеріп шығарған. Базбіреулер көлікте бала болған деп отыр. Әзірге бұл ақпарат расталмады. Қалай болғанда да өңірдің тәртіп сақшылары осы оқиға бойынша анықтау шараларын жүргізуде.

null

Соңғы жаңалықтар