Шымкентте жаяу адамды қаққан автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жаяу адамды қаққан автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық  іс қозғалды. Автобус айыптұраққа жеткізіліп, анықтау шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды  ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Айта кетейік, жол көлік оқиғасы демалыс күні Теріскей мөлтек ауданында болған. Қоғамдық көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсі жанып қалғанына қарамастан өтіп кетпекші болған. Алайда бұл кезде жаяу жүргіншілер жолға шығып кеткен. Салдарынан автобус жаяу адамды қағып кетті. Бұл оқиға көшедегі бейне бақылау камерасына да түсіп қалыпты. Оқиға орнына келген полицейлер  34 жастағы автобус жүргізушісінің жол жүру ережесін бұзғанын анықтаған. Ал, түрлі дене жарақатын алған 18 жастағы жәбірленуші облыстық  аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.

Қазір кінәлі жүргізушінің үстінен Қылмыстық Кодекстің  345-ші «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар