Шымкентте жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкенттің Тұлпар мөлтек ауданында жаңадан бой көтерген «Тұлпар» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Ондағы 3 қабатты көппәтерлі екі тұрғын үйдің кілті тапсырылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Көпқабатты тұрғын үйдегі  пәтердің кілті «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  72 отбасыға берілді. Жаңа үйлер «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Самұрық Қазына» АҚ және «Ақмойнақ» ЖШС қаражаттары есебінен бірлесіп салынды. Жалпы аталған тұрғын үй кешенінде үш қабатты 36 пəтерлі екі үй, бес қабатты 48 пəтерлі екі тұрғын үй бой көтерген. 

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа пәтерлерге қоныстанған  әрбір шаңыраққа береке бірлік тіледі.

«Елбасының жариялаған «Бес әлеуметтік бастама» атты үндеуінің барлық бағыттары бойынша облыста тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы үндеудің бірінші бағыты «7-20-25» бағдарламасын өңірде сәтті жүзеге асыру үшін осы жылы жеке салушылар арқылы 104 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 16 тұрғын үй жыл қорытындысымен пайдалануға беріліп, барлық пәтерлерді «7-20-25» бағдарламасы арқылы тарату көзделуде», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, елімізде  жарияланған бес әлеуметтік бастаманың нәтижесінде жеке инвесторлар облыста тұрғын үй құрылысын салуға қызығушылық танытуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында құны 7,9 млрд теңгені құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үй (768 пәтер, 53,2 мың ш.м.) құрылысына екінші деңгейлі банктен несие алған жеке құрылыс салушыға Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 пайыздық субсидия беру қолдау тапты. Аталған тұрғын үй құрылысы ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ алдағы уақытта Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізу мақсатында көптеген жоблаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар