Шымкентте вагонның астына құлаған теміржол қызметкері бір аяғынан айырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте вагонның астына құлап кеткен темір жол қызметкері бір аяғынан айырылды. Ауыр жарақат алған Қазығұрт стансасының жұмысшысы екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келеңсіз жағдай 9 желтоқсан күні кешкі сағат 5-00-дер шамасында болған. Вагондарды тіркеу және ажырату кезінде 25 жастағы жігіт құлап кетіп, сол аяғын вагон басып кеткен. Ауыр жарақат алған жұмысшы қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлердің сөзінше, оның жарақат алған аяғын кесіп тастауға тура келіпті. Қазіргі таңда жұмысшы есін жиып, ем қабылдауда. Алайда жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Ішкі істер желілік полиция қызметкерлерінің мәліметінше, осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жігіттің қандай жағдайда құлап кеткені, оған кімнің кінәлі екені қосымша тексерілетін болады.

Соңғы жаңалықтар