Шымкентте үйлері сүрілетін тұрғындар берілетін өтемақының көлеміне қарсы шықты

None
None
 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкентте үйлері сүрілетін тұрғындар берілетін өтемақының көлеміне көңілдері толмайды. «Ескі шаһар» қалашығындағы баспаналардың иелері жергілікті биліктің ұсынған бағасына келіспей отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қала билігі «Ескі шаһардағы» тұрғын үйлер сүрелетіні туралы хабар бергелі бері мұндағы жұрттан маза қашты. Тұрғындар бұл жерден  ашық аспан астындағы мұражай салынатынына қарсы емес. Қаланыі Бас жоспарына сәйкес, қолға алынған ауқымды жобаның жүзеге асырылуын да қолдайды. Алайда, «үйлері мен жер телімдеріне берілетін ақшаға көңіліміз толмайды» деп отыр.  

«Сот менің үйіме 7 млн теңге көлемінде өтемақы төленсін деп шешім шығарды. Ал, бірақ   мен бұл сомаға ештеңе ала алмаймын. Қазіргі заманда бұл ақшаға менікіндей үй келмейді ғой. Оның үстіне барлық балаларым ауру. Өзім де екінші топтағы мүгедек, жалғызбасты анамын»,- дейді Рахима Гияева.

Ескі қалашықтың тұрғындары негізінен ертеректе келіп қоныстанғандар. Кейбірінің үйлері тым ескі. Қабырғалары сөгіліп, іргетасы жерге кіріп кеткен. Сонда да жергілікті халық  болмашы өтемақы алғанша, осы жерде тұра бергеніміз дұрыс дегенді айтады.
null

«Маған 8 млн 700 мың теңге  беріп тұр. Мен бұл жерде кәріз құбырларын тартқызып, су жүйесін де жүргізіп қойғанмын.  Оның барлығы ақша. Ал, маған берілетін өтемақыға мен тек қана қаланың шетінен жер аламын. Ал, үйді бұзып алып кетеміз десек, рұқсат бермейді. Оның үстіне үй салуға қажетті құрылыс материалдарының бағалары да қымбат», - дейді Дариға Дулатова.

Бастысы тұрғындарды кадастрлық шығын емес, бағалау құны қызықтырып тұр. Егер үйдің құнын дұрыс есептейтін болса, ортақ келісім жасасуға болатынын айтады. Қалай болғанда да әкімдіктің шешімі бойынша ескі қалашықтағы 73 нысан сүріледі. Ондағы бір-біріне өте тығыз орналасқан үш көше бұзылады деп жоспарланған. Сөйтіп, бас-аяғы 29 гектар жер тазартылады. Мамандардың сөзінше, ашық аспан астындағы мұражайдың бір жағынан Дінмұхамбет Қонаев атындағы даңғыл түседі. Жаңа жоба қаланы одан әрі дамытуға негізделген. Сондықтан, осындағы тұрғындарға ескерту хат берілген.
null

«Біз өзіміздің тарапымыздан Үкіметтен алған жер телімінің кадастрлық құнын беруге дайынбыз немесе егер тіркелген барлық құжаттары дұрыс болса, біз тек қана нарықтағы құнын төлейміз», - дейді  Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Нариман Қасымбеков.

Тұрғындар осы мәселені айтып Қошқар ата өзенінің маңында наразылыққа шықты. Биліктегілермен жолығып, өз уәждерін айтты. Енді ол әрекеттерінен қандай да бір нәтиже шыға ма жоқ па оны уақыт көрсетеді.
null

Соңғы жаңалықтар