Шымкентте ұрлаған 10 көлікті бөлшектеп сатып жіберген тұрғын ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында полицейлер автокөлік ұрлықтарына қатысты күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

null
Ағымдағы жылдың басында  Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не 40 жастағы автокөлік иесі Нұрсат мөлтек ауданында үйінің ауласында тұрған «Дэу Нексия» маркалы қызметтік автокөлігін белгісіз тұлға ұрлап кеткені жөнінде арызданып келген.

null  

Қаратау ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында  қылмысқа күдікті 1966 жылғы Сайрам ауданының тұрғынын құрықтады. Бұрын сотты болған, жұмыссыз. Полицейлер күдіктінің үйін тінту кезінде ұрланған автокөлікті тәркіледі.

null  

Тергеу кезінде күдікті азаматтың 10 автокөлік ұрлығына қатыстылығы анықталды. Тәртіп сақшылар анықтағандай, 50 жастағы азамат қараусыз қалған автокөліктердің есігін арнайы құралдардың көмегімен ашып, көліктерді ұрлап отырған. Ұрланған көлікті сатқан немесе бөлшектеп төмен бағада сатып, ақшасын өз қажетіне жаратып жүрген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі анықталуда.

null  

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің екі бабымен қылмыстық іс қозғалды, ҚР 188-бабы «Ұрлық» және 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу». Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

null null  

Соңғы жаңалықтар