Шымкентте төтенше жағдайлар бойынша өткен кешенді оқу- жаттығу өз мәресіне жетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте төтенше жағдайлар бойынша кешенді оқу-жаттығулары  аяқталды.  Үш күнге созылған шара барысында азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлері төтенше жағдай кезіндегі тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіріп, судан құтқару жұмыстарын пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Оқу-жаттығу барысында Шымкент қаласында жалпы қалалық сейсмо жаттығу шарасы өткізілді. Онда 7 балдық күші бар жер сілкінісі орын алған жағдайда зардап шеккен және  баспанасыз қалған халықты қабылдауға арналған  шатырлы қалашық құрылып, төтенше жағдайға дайындық барысы практика жүзінде пысықталды. Онда 128 адам және 35 техника жұмылдырылды. 100 мыңнан астам адамды уақытша орналастыруға болатын қалашықтың құрылымына қала әкімшілігі, қабылдау пункті, тіркеу орны, ақпарат пен байланыс пункті және пошта-телеграф кірді. Бұл жерде тұрғындар суық мезгілде жатын орынмен, тағаммен, сумен, жылы киіммен, сонымен қоса, медициналық, қоғамдық тәртіпті қорғау, өртке қарсы көлік құралдарымен қамтамасыз етілді. Құтқарушылар қала жұртшылығына жер сілкінісі кезіндегі дағдыларды үйретіп, азаматтық қорғаныс шараларын електен өткізді. Сейсмикалық белсенділіктен Тұран  мөлтекауданында орналасқан  №5 тоғыз қабатты тұрғын-үйде  газ құбыр желісінің бұзылуы орын алып, үйдің кіреберісінде газ қоспасының жиналуына алып келді, жетінші қабаттағы пәтерде жануға ұласқан газдың жарылуы орын алды. Үйдің тұрғындарынан «101» пультіне өрт туралы қоңыраулар түсе бастады. Оқиға орнына №2 жоғары шақырылым бойынша Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің күштері мен құралдары жіберілді. Барлығы жеке құрамында 76 адам, өртке қарсы қызметтің 11 техникасы, жедел-құтқару жасағының, апаттар медициналық орталығының қызметкерлері, №6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінен барлығы 30 адам жұмылдырылды. Жоспар бойынша жұмылдырылған энергия желісі, газбен жабдықтау, су каналы қызметтері энергия қуатын сөндіру, газ талдауышпен газдың шығуын іздестіру және өртті сөндіру үшін су тартқыш желіде судың қысымын көтеру бойынша жұмыстар жүргізді. 
null 
null

null

Бұл практикалық іс-шаралар азаматтық қорғаныс қызметінің болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындық деңгейін көтеруге мүмкіндік берді. Екінші күні су айдынында өткен жаттығу кезінде де қауіпсіздік жағдайлары жан-жақты пысықталды. Себебі, биылғы жылы облыста 30-дан аса адамның суға бату жағдайлары орын алған. Оның тең жартысында балалар зардап шеккен.

null 

ТЖД қызметкерлері оқу жаттығу шараларын ұйымдастыру үшін қала сыртындағы «Жайлаукөл» су айдынына барды. Сценарий бойынша қауіпсіз шараларын сақтамаған қайықтағы екеуге құтқарушылар дереу көмекке келді. Суға батып бара жатқан зардап шегушілерді құтқарушылар шұғыл жағаға шығарып, оларға алғашқы көмек көрсетті. Ал, бүгін таңсәріден бір мезетте дабыл қағылып, шұғыл түрде хабарландыру жүйелері іске қосылды. Дабыл даусынан сыртқа шыққан тұрғындар жер сілкінісі кезіндегі дағдыларын пысықтады.
null 

Жалпы, арнайы сценарийге құрылған мұндай оқу-жаттығу шаралары шаһар аумағында қатарынан 3 күн бойына жүргізілді. Мұндай штаттық машықтану жұмыстары екі жылда бір рет өткізіледі.

null 

null

Соңғы жаңалықтар