Шымкентте топырақ жол болмайды - Нұрлан Сауранбаев

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Шымкентте  91 көшеге күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 12 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынған. Бүгін жұртшылық алдында есеп берген қала басшысы алдағы уақытта Шымкентте топырақ жабындылы жол болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің сөзінше, қазіргі таңда қала аумағында жалпы ұзындығы 1 506 шақырым жол асфальтталған. Ал, 1 080 шақырым жолға қиыршық тас төселсе, 296 шақырым топырақ жол бар. 2018 жылы бюджеттен ұзындығы 15 шақырым болатын магистралды 8 көшенің құрылысына 5,3 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланған.

«136 шақырым ішкі орам жолдарын жөнделеді. Биыл Бекжан базары аумағындағы жол өткелінің құрылысын аяқтау және Бадам өзені үстінен өтетін автожол көпірін қайта құру жоспарланған. Ұзындығы 119 шақырым жолдың құрылысы және 27 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға  жобалық-сметалық құжаттар дайын. 128 ішкі орам көшесін жөндеу жоспарда бар»,-деді Нұрлан Сауранбаев.

Жиын барысында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де сөз болды. Мәселен, өткен жылы қаладағы бес шағынауданда ауыз су тарту жұмыстары басталып, олардың үшеуінің жұмысы аяқталған. Нәтижесінде 3300 тұтынушы  сапалы ауызсуға қол жеткізген.

«Ағымдағы жылы Алтынтөбе, Сайрам елдімекендеріндегі ішкі су жүйелерінің және Достық шағынауданынан Темірлан тас жолына дейінгі магистралды ауыз су құбырының құрылысы жүргізіледі. Осы жұмыстардың нәтижесінде сапалы ауыз суға қол жеткізу  көрсеткішін 96 пайызға жеткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда, қала тұрғындарының 93 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған», - деді Нұрлан Сауранбаев. 

Соңғы жаңалықтар