Шымкентте теңдесі жоқ жоба жұмысын бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұңғыш рет Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан жаңа мемлекеттік қызмет көрсету орталығы - фронт-офис ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаладағы Т. Рысқұлов көшесі, №8а мекенжайында орналасқан бұл офис бүгінде ТМД-дағы теңдесі жоқ жоба болып отыр. Мұнда қалалық әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрін «бір терезе» жүйесі арқылы ұсынады.

Тұсаукесер шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Салаға жауапты мамандардың айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсетудің бұл түрі бизнес жүйесінің өкілдеріне сенім береді.

«Фронт-офис» жүйесі өтініш иесінің құжаттарын қабылдау кезінде арнайы бақылау коды арқылы беріліп, тіркеуге алынған құжат штрих код арқылы әкімдіктің тиісті бөліміне жөнелтіледі. Өтініш қысқа мерзімде қаралған соң, жауабы «фронт-офиске» бағытталып, тұрғындарға беріледі немесе өтініш иесінің электронды мекенжайына жіберіледі. Сондай-ақ өтініш иелері бақылау коды арқылы өтініштің қаралу барысы жөнінде мәлімет алуға мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар қала тұрғындары бұл жобаға "shymkent.gov.kz/frontoffice" сайты арқылы кіруге немесе байланыс орталығының 545-545 телефонына қоңырау шалу арқылы ақпарат ала ала алады. Бұл бір сөзбен айтқанда, ыңғайлы, жылдам әрі заман талабына сай қызмет түрі болып саналады.

Айта кетерлігі, бұл кеңседе 25-26 маман еңбек етіп, 100-ге жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсететін болады. Барлық өтініш, сұрақтарға ҚР Заңнамасында белгіленген мерзімде жауап беріледі.

Соңғы жаңалықтар