Шымкентте тауарлар екі есе арзан бағамен сатылды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс орталығы - Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай азық-түлік тауарларына қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жәрмеңке түрінде өткізілген шарада тұрғындар тауарларды нарықтағы бағадан 2 есеге төмен бағада сатып алды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қаладағы баға саясатын тұрақтандырып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған акцияны облыс пен қала әкімдігі ұйымдастырып отыр. Мұнда 300-ге жуық кәсіпкер өз өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағада ұсынды. Онда тек сатып алушыға ғана емес, тауар өндіруші мен шаруаға да қолайлы жағдай жасалды. 
null 

Қажетін алып, қаражатын үнемдеген халықтың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Себебі, жәрмеңкедегі тауардың бағасы көңіл қуантады. Мәселен, картоп пен сәбіз 50 теңгеден сатылса, қырыққабаттар 30 теңгеден саудаланды. Сондай-ақ, сиырдың еті 1050 теңге көлемінде болды.
null

null 

Шымкентте бұл жәрмеңке апта сайын тұрақты түрде өтіп келген. Бірақ, бүгінгі жәрмеңке Тұңғыш Президент күніне орай өткізіліп отырғандықтан қойылған тауар түрлері еселеніп, бағасы екі есеге төмен саудаланды. 
null  

null 

Соңғы жаңалықтар