Шымкентте тағы бір жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Шымкентте тағы бір жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады. Бақилық болған 15 жастағы ер бала өз үйінің ауласында асылып қалған. Бұл ақпаратты облыстық Ішкі істер департаменті растады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, қайғылы жағдай 16 сәуір күні түскі сағат 13.30-дар шамасында, Самал-3 шағын ауданында болған.

Ұлының асылып қалғанын көрген анасы  Абай аудандық полиция бөліміне хабар берген.  Марқұм  қаладағы  №87 жалпы орта мектептің  9-сыныбында оқыған.

Оқиғаға қатысты Абай аудандық полициясы Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, ақпан айының басында Шымкенте 11-сынып оқушысы өз үйінде асылып қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар