Шымкентте Тəуелсіздік жетістіктері фотосуреттермен көрсетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фотокөрме ашылды. Президент күніне арналған іс-шараның  барысында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының өз саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастыра алғандығын көрсететін, Тəуелсіздік жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінен мәлім етті.



Сондай-ақ көрмеде Ұлт көшбасшысының көпұлтты, көпконфессиялы, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері жəне Мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілді.

Аталған іс-шараға облыс əкімі Ж.Түймебаев, облыс əкімдігінің өкілдері, Шымкент қаласының əкімі Н.Сауранбаев, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.











Көрме  мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.

Соңғы жаңалықтар