Шымкентте шорт-тректен Қазақстан кубогы үшін жарыс басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі Мұз  сарайында шорт-тректен ересектер  арасында Қазақстан  Республикасының  Кубогі үшін  жарыс  басталды. Бәсекеге  алты облыстан 56  спортшы  қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық  бәсекені шорт-тректен Қазақстанның  мемлекеттік  жаттықтырушысы  София  Телеубаева ашты. Іріктеу  сайыстарында  өздерінің  мықтылықтарын  танытқан алаң иелерімен қатар Қарағанды, БҚО, Алматы, Қостанай, ШҚО спортшылары ел кубогын жеңіп алуға үмітті. Сайыс 20 қаңтарға дейін жалғасады деп күтілуде. Жарыс  қорытындысында  жеңімпаз  атанған  спортшыларға  Қазақстан Республикасының спорт  шебері   атағы беріледі. Сондай-ақ, арнайы  дипломдармен  марапатталмақ. 

 Айта кетейік,   Оңтүстік Кореяның Пхенчхан  қаласында өтетін  қысқы Олимпиада  ойындарына ұлттық  құраманың 5  спортшысы  қатысады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар