Шымкентте Өзбекстанның екі азаматы иіс тиіп қайтыс болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Өзбекстанның екі азаматы газдан уланып қайтыс болды. Қайғылы жағдай қаланың іргесіндегі Мәртөбе тұрғын алабында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар депатаментінің мәліметінше, көрші елдің 19 және 25 жастағы азаматтары Мәртөбе тұрғын алабындағы жеке уақытша тұрғызылған екі қабатты үйде болған. Сол жерде газдың иісіне уланып қалыпты.  

Облыстық ТЖД бастығы Нұрболат Дербісовтың сөзінше, қазір шетел азаматтарының газдан уланып ажал құшуына байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша марқұмдардың қандай жағдайда қайтыс болғаны анықталады.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 26 иістен улану жағдайы тіркеліп, 50 адам зардап шеккен.

Соңғы жаңалықтар