Шымкентте өртенген жанармай бекеті емес, мотоцикл болып шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі жанармай бекетінде мотцикл өртенгені белгілі болды. Бүгін өңірдің төтенше жағдайлар қызметі осындай мәлімет таратты. Департамент мамандарының сөзінше, бекетке жанармай құюға келген мотоциклден өрт шығып, сол мезетте өртеніп кетіпті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Күндіз жергілікті уақыт бойынша сағат 12.23-тер шамасында Шымкент қалалық өрт сөндіру бөліміне жанармай бекетінде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына бір техника мен төрт адам барған. Белгілі болғандай, жанармай бекетіне келген мотоцикл өртеніп кетіпті. Абырой болғанда жалын жан-жаққа тарамай тұрып, сөндірілді. Жалын 12-33-тер шамасында толықтай ауыздықталды»,-дейді ОҚО ТЖД бас маманы Зарипа Тұрысбекова.

Еске салайық, бүгін Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысындағы жанармай бекетінен өрт шыққаны туралы хабар тарады. Өртті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Онда бекет қызметкерлерінің лапылдан жанған өртті сөндіріп жатқандары байқалады.

Соңғы жаңалықтар