Шымкентте «Наурыз көктем-Шымқала» айтысы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі «Түркістан» сарайында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай  «Наурыз көктем-Шымқала» айтысы өтті. Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға арналған биылғы айтыстың ерекшелігі -дәстүрлі түрдегі дода бағытында емес, айтыс-шоу түрінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Жыр додасына елімізге белгілі 14 айтыскер ақын қатысып, бақтарын сынады. Ақындар Қазығұрттан бастау алған әз Наурыз мерекесі мен Елбасы Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында үлгі боларлық оңды істерді айтысқа арқау етті. Шымкент қаласының шырайлы келбеті мен өсіп-өркендеуін тілге тиек етті. Айтыстың шымылдығын оңтүстіктің от ауыз, орақ тілді ақыны Бекарыс Шойбеков пен Алматы облысының дүлдүлі Сырым Әуезхан ашса,  Оңтүстіктің айтыскері Анар Жаппарқұлова мен тараздық Әсет Дүйсебаев рухани кешті әрі жалғады. Одан кейін Батыс Қазақстан облысынан келген Талғат Мықи мен талдықорғандық Сара Тоқтамысова, Батыс Қазақстан облысының айтыскері Мұрадым Мирланов пен оңтүстіктік Жарқынбек Наушабеков халықты сұлу сөздермен сусындатты. Астана қаласының айтыс жүйрігі Балғынбек Имашев пен жерлесіміз Нұрлан Есенқұлов және астаналық  Айнұр Тұрсынбаева мен шымкенттік Қажымұқан Абзаловтардың айтысы да көпшіліктің көңілінен шықты. Ал, астаналық адуынды ақын Жандарбек Бұлғақов пен Ақтөбе облысының шайыры Данияр Алдабергендер  де айтыстың тамаша үлгісін көрсетті.

 Айтыс соңында «Құлманбет айтыс» өнері ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар