Шымкентте мұғалім мектепте асылып қалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 сәуірде күндіз  Шымкенттегі «Асар» шағынауданында орналасқан мектептің бірінде оқыс оқиға болды, деп хабарлайды TVК телеарнасы.

Мектептегі кабинеттердің бірінде информатика пәнінің мұғалімі асылып қалған. Оқиға орнына  полицейлер мен медициналық көмек бригадасы шақырылды. Дәрігерлер педагогтың өлімін растады. 

Дәрігерлердің мәліметтерінше, 1990 жылы туылған ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Жас жігіт мұндай жантүршігерлік оқиға алдында қысқаша хат жазып қалдырды  ма, әзірге белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар