Шымкентте мотошабандоздардың естен кетпес шоуы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте мотошеру маусымы аяқталды. Маусымның жабылу рәсіміне Қазақстан мен көрші мемлекеттен 150-ден астам байкер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Тvk-uko» телеарнасына сілтеме жасап.



Алдымен бір топ байкер дәстүрлі түрде қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Мотошерудің жабылу салтанатына орай ұйымдастырылған бағдарламаның ерекшелігі көп. Танымал спорттық ұжымдар мен би топтары көпшілікке өнерлерін паш етті. Биыл алғаш рет шаштаразшылар шоуы өткізілді. Стилистер жиналғандар арасынан еріктілерді таңдап алып, сахнада оларға жарасымды образды келтірді. Ал байкерлер арнайы жасақталған алаңда екі аяқты көлікті шебер тізгіндеудің өнерін көрсетті.

Кейін келушілер қаз-қатар тізілген мотоцилдармен суретке түсу мүмкіндігін алды.

Биылғы мотошеру маусымының жабылуына шымкенттік байкерлер ғана емес, еліміздің барлық қалалары мен өзге көрші мемлекеттен қонақтар келді.

Соңғы жаңалықтар