Шымкентте мектепте газ баллонын шашқан кезде 41 адам зардап шекті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - №55 мектепте газ баллонын шашу салдарынан 41 адам зардап шекті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, Абай ауданында Шымкент қаласының №55 мектебінен  уланғандар туралы ақпарат түсті. 33 оқушы мен 5 мұғалім және техникалық жұмысшы көздерінен жас ағып, бастары ауырып, тамақтары жыбырлағандарын айтып шағымданған.  Полицейлер баллонды 10-сынып оқушысы шашқанын анықтады.

Жасөспірім баллонды көшеден тауып алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алайда полицияда газ баллонын ұстау заңға қайшы болып саналмайтынын атап өтеді.

Соңғы жаңалықтар