Шымкентте мектеп оқушысы 9-қабаттан құлап, мерт болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 мамыр күні Шымкент қаласының Абай ауданында болған. 10-шы сынып оқушысы тоғыз қабатты үйдің шатырынанан құлап, жантәсілім етті. Қазір полицейлер жасөспірімнің не себепті мұндай қадамға барғанын тексеріп жатыр. 

«Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық іс әзірге қозғалған жоқ. Қалған ақпарат тергеуден кейін белгілі болады», - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзова.

Соңғы жаңалықтар