Шымкентте майдангерлер ескерткішін бұзып кетті: Қылмыстық іс қозғалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте майдангерлерге арналған ескерткішті қирату оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанат Қаракөзованың сөзінше,  ардагерлердің есімдері жазылған мәрмәр тасты қиратқан вандалдар қазір іздестіріліп жатыр.

«Шымкент қаласы, Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері осы оқиғаға қатысты  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Вандалдар жан-жақты іздестірілуде»,-деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Қаладағы қорғасын зауытының аумағында орнатылған ескерткішті вандалдар қиратып кеткені жайлы бұған дейін де хабарланған болатын.  Екінші дүниежүзілік соғыс майдангерлерінің құрметіне тұрғызылған нысанда аталған зауыттан майданға аттанған 113 ардагердің есімдері тасқа қашалып жазылған болатын. Ал белгісіз біреулер бұл жерді қиратып, мәрмәр тастарын сындырып кеткен. Ондағы мәңгілік алау орны түбімен қопарылып тасталған. 
null null null null

Соңғы жаңалықтар