Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарысқа Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды қалаларымен қатар, Шымкенттен жалпы саны 80-нен астам спортшы қатысуда.

Байрақты бәсеке жеңімпаздары одан да ірі додаларға іріктеліп алынады. Жарыс жалауы Шымкент қалалық №8 қысқы спорт түрлерінен Олимпиада резервінің мамандырылған балалар және жасөспірімдер мектебінде көтерілді. Мәнерлеп сырғанау сынына 6 аймақтың спортшылары қатысуда. Жергілікті мамандар шымкенттік спортшылардың жоғары орыннан көрінетініне сенім артып отыр.

Чемпионатта мәнерлеп сырғанаушылар жекелей және командалық құраммен өнер көрсетуде. Көзі қырағы төрешілер де әрбір қимылды мұқият қадағалап отыр. Әр өңірден келген жанкүйерлер де қолдауын аямауда. Жас спортшыларымыздың қарқыны мықты. Ел құрамасында өнер көрсетіп, жастарымыз да бұл додаға атсалысты.

Жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты төрт күнге созылады. Қазанның 24-і күні жарыс өз мәресіне жетеді. Ел намысын қорғап жүрген спортшыларымызға сәттілік тілейміз.

Соңғы жаңалықтар