Шымкентте қытайлықтар арасында жанжал туындап, соңы өліммен аяқталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің Еңбекшіқазақ аудандық соты адам өлтірді деген күдікпен Қытай азаматын 2 ай мерзімге қамауға алуға шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сотқа материал келіп түсті, тергеп-тексеру жүріп жатыр. Іс материалдарына қарағанда, олар өзара келіспей қалған болуы мүмкін», - дейді Еңбекшіқазақ аудандық сотының үйлестіруші судьясы Қайрат Ізбасаров.

Қайғылы оқиға 11 мамыр күні Шымкенттегі жекеменшік компаниялардың бірінің асханасында болған. ҚХР-дың 29 жастағы азаматы жанжал кезінде 34 жастағы өз отандасына пышақ салған. Жарақат салдарынан жәбірленуші қаза тапқан. Полиция «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар