Шымкентте көпқабатты үйден үш бала мен әйелдің денелері табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен төрт адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тvk-uko  телеарнасына сілтеме жасап.

Жексенбі, 10 желтоқсан күні Республика даңғылы, 31 мекен жайындағы үйдің төртінші қабатындағы пәтерден төрт адамның, атап айтқанда, төрт жастағы қыз баланың, он екі және он үш жастағы екі жеткіншектің және қарт әйелдің өлі денелері табылды. Отбасы пәтерді жалдап тұрған.  

Оларды көптен бері көрмегеніне алаңдай бастаған туыс-туғандары мен көршілері полицияға хабарласқан. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары пәтер есігін бұзып кірген.

Алдын ала болжам бойынша, олардың денелері үш тәулік бойы жатып қалған. Өлімдерінің себебі газдың таралуы болуы мүмкін. Тергеу жүруде.

 

Соңғы жаңалықтар