Шымкентте көлігімен полицейді сүйреп әкеткен жүргізуші қамауға алынды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік жүргізуші орталық көшелердің бірінде полицейді көлігінің үстімен сүйреп кеткен. Бұл көрініс артында келе жатқан көліктің камерасына түсіп қалыпты. Бейнетүсірілім инстаграмда жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкенттің Иляев көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында тәртіп сақшысы жүргізушінің алдына тұрып, сөйлеп жатады. Қимылына қарағанда оны тоқтатпақ болған. Алайда оған жүргізуші бағынбай, керісінше тәртіп сақшысын көлігімен сүйреп кетіпті. Біраз жүріп барып ақыры көлігін тоқтатқан. Осы оқиғаны көзбен көрген өзге жүргізушілер әлеуметтік желілерде таңданысын жасырмаған.

Десе де «Опель вектра» көлігі жүргізушісінің бұл әрекеті жазасыз қалмайтын сияқты. Полицейлер оны сол күні-ақ ұстап, уақытша тергеу абақтысына қамап қойыпты.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Спабек Жарқынбековтің сөзінше, полицей Шымкент қалалық ІІБ қарасты жергілікті полиция инспекторы екен. Ол жеңіл көлікті тыйым салынған жерге қойғаны  үшін жүргізушіден құжаттарын сұраған. Алайда жүргізуші құжатын берместен, жүріп кетіпті. Белгілі болғандай, ол 38 жастағы қала тұрғыны екен. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 380 бабы бойынша («Билік өкiлiне қатысты күш қолдану») іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізушінің кінәсі дәлелденгенше ол уақытша ұстау абақтысында болады.

В Шымкенте водитель прокатил полицейского на капоте машины

Публикация от 🇰🇿© ZTB.KZ 2017 (@ztb_video) Мар 29 2017 в 8:39 PDT

Соңғы жаңалықтар