Шымкентте қоқыс полигонынан нәрестенің мәйіті табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қоқыс полигонынан нәрестенің мәйіті табылды. Қазіргі таңда өңірдің полицейлері осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы оқиғаға қатысты іс Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық полиция бөліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.  Бірқатар сот медициналық сараптамалар тағайындалып, анасы іздестірілуде. Табылған мәйіт толыққанды адам, жынысы қыз бала», - деді Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

 Еске салайық, бүгін Шымкетте  қоқыс полигонынан жаңа туылған нәрестенің мәйіті табылған болатын. Сәбидің өлі денесін күндізгі сағат 11:30 шамасында тұрмыс қалдықтарын зауытқа жеткізетін жүк тасымлдаушы тауып алған еді. Сөйтіп, дереу полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары қазір осы жағдайға байланысты тергеу шараларын жүргізуде. 

Соңғы жаңалықтар