Шымкентте көктем қарсаңында 1 млн 37 мың дана қызғалдақ егілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көктемге дайындық жұмыстары басталып кетті. Шым шаһардың символына айналған қызғалдақ гүлінен 1 млн 37 мың дана егілді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, көктем мезгіліндегі алғашқы мерекелерге дайындық ретінде арықтар мен арналар құм-қиыршықтан тазартып жатыр.

«Коммуналдық кәсіпорындар аялдамаларды, ондағы  жөндеуді қажет ететін орындықтарды, павильондарды ретке келтіруде. Сонымен қатар, жалпы қалалық сенбілік ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ал, биылғы жылы отырғызылған қызғалдақтардың гүлдеуіне де аз уақыт қалды» делінген хабарламада.

Еске салсақ, биыл қыр гүлдері  гүлдеп болған соң орнына, 14500 шаршы метр аумаққа тагетис, катарантус, шафран, петуния, сальвия сынды жаздық гүлдер егілетін болады.  Сондай-ақ, 29396 шаршы метр жерге егілетін раушан гүлдер де қала көшелерінің көркін аша түспек.

Сондай-ақ, шаһар басшылары барлық тұрғындарды өз үйлерінің аулаларын тазартуға шақырып отыр.
null 
null 

Соңғы жаңалықтар