Шымкентте көктем - Қаңтардың басында ағаштар бүршік жарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы арқылы Арктикалық антициклон өткеніне қарамастан, Шымкентте демалыс күндері күн жылы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

20 және 21 қаңтарда ауа температурасы 13-14 градус жылыны көрсетті. Түнде ең төменгі температура -1 градуқа ғана төмендеді.
null 

Синоптиктердің болжамына қарағанда, бұл ауа райы 23 қаңтарға дейін жалғасады, кейін күн суытпақ.

Бұл қаңтарда оңтүстіктегі алғашқы күннің жылынуы емес. Айдың басында ағаштар бүршік жарып, бақбақ гүлдеген еді.
null 

 Еске сала кетейік, еліміздің солтүстігі 40-45 градус аязға дайындалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар