Шымкентте көгілдір отынсыз қалған 400 үйге газ беріле бастады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жүк көлігінің кесірінен көгілдір отынсыз қалған 400 үйге қайта газ беріле бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Газ қызметінің мамандары түні бойы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, газ құбырын қайта қалпына келтірді. Осы орайда тұрғындар назарына: Егер де газ құбырын соғып кеткен не зиян келтірген жүргізушіні байқасаңыз, автокөліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірін жазып алып, «ҚазТрансГаз Аймақ» ОҚО филиалына хабар беріңіз», - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше кешкі сағат 19.40 шамасында Сайрам мен Белинский көшелерінің қиылысында ауыр жүк көлігі орташа қысымдағы газ құбырын соғып кетті. Салдарынан екі көшенің бойында орналасқан 400-ге тарта үй көгілдір отынсыз қалған еді. Артынша қала әкімдігі мен «КазТрансГаз Аймақ» ОҚОФ барлық тұрғындарға шаруашылықта қолданыстағы газ құрылғыларын сөндіріп қоюды сұраған. 

Соңғы жаңалықтар